Баязид Бистами хазреттері былай деген:
Он нәрсе адамға парыз:
1) Парыздарды нұқсансыз орындау.
2) Харам нәрселерден ұзақ тұру.
3) Аллаһ үшін қарапайым, кішіпейіл болу.
4) Мұсылман бауырларын жәбірлеуден сақтану.
5) Жақсыға да, жаманға да ізгілік тілеу.
6) Аллаһу та’аланың кешірімін тілеу.
7) Әрбір ісінде Аллаһ разылығын көздеу.
8) Өлімге әрқашан дайындалу.
9) Нәпісін тәрбиелеуге тырысу.
10) Ашу, тәкаппарлық, зұлым және әділетсіздіктен бастарту.
Он нәрсе адамды төмендетеді:
1) Ашу-ыза
2) Кек сақтау және жеккөрушілік
3) Тәкаппарлану, өзін жоғары көру
4) Зұлым және әділетсіздік.
5) Қырсықтық, біреуге қырсығып арпалысу.
6) Сараңдық.
7) Басқаларды жәбірлеу.
8) Мүминге құрметсіздік жасау.
9) Жаман мінез-құлық.
10) Ынсап, адамгершілік өлшемінің сыртына шығу.
Он нәрсе адамилықты өлтіреді
1) Тәрбиенің аздығы.
2) Надандықтың көптігі, сауатсыздық.
3) Халықтан ниғмет күту.
4) Шәхуаттың асып-тасуы, нәпістің құтырғандығы.
5) Бас болу, бастық болу құштарлығы.
6) Дүниеге берілу.
7) Нәпсіне берілу.
8) Көп тамақ жеу.
9) Көп ұйықтау.
10) Көпшіліктің артынан еру.